Алматыда медициналық қызмет автопаркі жаңартылады.
21 қазан күні Республика күнін мерекелеу аясында Алматы қаласында салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
"Астана" алаңында қала әкімі қатысатын іс–шара барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Жедел медициналық көмек қызметіне" жаңа санитарлық автокөлік кілті табысталады", – делінген хабарламада.
Іс-шараны ұйымдастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Төле би көшесінің Абылай хан көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу 21 қазан күні сағат 10:30-дан іс-шара аяқталғанға дейін екі бағытта да қолданылады.
USD:
503.5 / 509.5
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63