Алматыда Мамандандырылған күзет қызметінің қызметтік көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлады қалалық Полиция департаменті. 

Оқиға 1 тамызда таңертең Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында болған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 07.40-та Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметтік көлігі ұшыраған жол апаты бойынша тергеу басталды.

"Апат салдарынан "Сузуки" маркалы автокөліктің жүргізушісі зардап шекті. Ол қаланың ауруханаларының біріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.