Алматы қаласында көше-жол желісін ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Осыған байланысты тұрғындарға Назарбаев даңғылы бойында қозғалысқа уақытша шектеу енгізілетіні туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Алматының Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

"Бүгіннен бастап Назарбаев даңғылының әл-Фараби даңғылы мен Төле би көшесі аралығындағы бөлігінде жолдағы құдық қақпақтарын көтеру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты алдағы үш күн бойы қозғалысқа уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде арнайы ескерту белгілері орнатылады", – делінген хабарламада.

Қала билігі жүргізушілер мен тұрғындардан жолдағы өзгерістерді ескеріп, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.