Алматыда мопед жүргізушілері бір аптада 11 млн теңгеге жуық айыппұл арқалады
Айыппұл жол ережесін бұзған самокатшыларға да салынды.25 наурыз бен 3 сәуір аралығында Алматыда тәртіп сақшылары 1555 мопедшінің атына 10 729 500 теңге айыппұл жазды, деп хабарлады Kolesa.kz.
Жергілікті полиция департаменті негізінен Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша хаттама толтырған:
- 593-бап. Шлемсіз мопед жүргізу және жолаушы тасымалдау. Айыппұл мөлшері – 5 АЕК немесе 17 250 теңге;
- 596-бап. Мопедпен жүруге тыйым салынған жолақпен қозғалу. Айыппұл мөлшері – 15 АЕК немесе 51 750 теңге.
Ал жол ережесін бұзған самокатшылар 2 АЕК немесе 6900 теңге айыппұл төлейді.
Оқи отырыңыз: "16 жастан бастап рұқсат". Электр самокат тепкенде нені ескерген жөн?
Сонымен қатар, түрлі ереже бұзған 173 мотоциклші қала қазынасына жалпы үш миллион теңге құятын болды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, тексеріс әрі қарай да жалғасады.