Алматыда мектеп оқушыларына арналған 100 автобус іске қосылады
Жоба бастауыш сынып оқушыларына және мектептен алыс тұратын оқушыларға арналған.Алматыда алғаш рет мектеп жасындағы балаларды үйінен мектепке және кері қарай тегін тасымалдау үшін мектеп автобустарын ұсыну бойынша ауқымды жоба енгізілуде. Жоба бастауыш сынып оқушыларына және мектептен алыс тұратын оқушыларға арналған.
Осы мақсатта коммуналдық автопарк Алматы қаласының білім басқармасымен бірлесіп 100 мектеп автобусын сатып алды. Бұл автобустар халықаралық қауіпсіздік стандарттарына және техникалық талаптарға сай келеді.
Мектеп автобустары бойынша жаңа жобаның бастамашысы – Алматы қаласының әкімі.
"Бірқатар мемлекеттік мектептер осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап іске қосылатын мектеп автобустарымен қамтылатын болады. 20 жергілікті автобус тар жолды тауларға қатынайтын болады. Мектептер қазірдің өзінде бағыттарды, балаларды отырғызу уақытын, аялдамалар санын әзірледі. 1 балаға бір орын бөлінеді, тұрақты орын болмайды. Балалардың қауіпсіздігіне мектеп қызметкерлері жауап береді, олар балаларды үйден мектепке, мектептен үйге ертіп барады", – деді Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбек.
Оқи отырыңыз: "Жайлы мектеп" жобасы: жоспардағы 33 мектеп салынбайтын болды.