Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, 2023 жылғы 10 қазаннан бастап Алматы әкімдігінің қалада түрлі құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде нөсер кәрізін реттеу қажеттілігі туралы қаулысы күшіне енді.

"Қалалық мобильділік, энергетика және сумен жабдықтау, экология және қоршаған орта, жоспарлау және урбанистика, құрылыс басқармалары мен Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көше-жол желісін салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде инженерлік коммуникацияларды салудан, реконструкциялаудан және жөндеуден кейін қалпына келтіру жұмыстары кезінде нөсер кәріздерін реттейтін болады", – деп жазылған қаулыда.

Сондай-ақ, қала басшысы инженерлік коммуникацияларды салғаннан, қайта жаңартқаннан және жөндегеннен кейін жолдың асфальтбетон жабынын қалпына келтіру кезінде жол таңбасының тиісті желілерін қолдануды қарастыруды тапсырды.   


Оқи отырыңыз: 1973 жылғы жойқын селден Алматы қалай аман қалды? Тарихқа шолу.


Қалада су басу мәселелерін шешу үшін жаңа арық желілерін салуды және нөсер жүйесінің коллекторларын жөндеуді қамтитын кешенді шаралар қабылдануда.

Нөсер немесе жаңбыр кәрізі – жаңбыр мен еріген суды қала аумағынан тыс жерлерге ағызып жіберуге арналған күрделі инженерлік жүйе. Жаңбыр суына жаңбыр науалары, арналар, су қоймалары және т.б. кіреді.