Алматыда Исинәлиев көшесінің бір бөлігін орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

"21 шілде күні сағат 22:00-ден 22 шілде сағат 06:00-ге дейін қозғалыс №24 үйден бастап Жолбарыс көшесіне дейін жабылады. Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым жетекшісінің байланыс деректері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қозғалысқа шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS пен "Яндекс карты" сервистерінде жарияланған.