"109" құтқарушылары Іле Алатауы Ұлттық паркінде жарақат алған сингапурлық туристі құтқарды, деп хабарлайды Алматы қалалық құтқару қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, турист әйел бас-ми жарақатын алған және аяқ-қолдары зақымдалған. Оқиға орнына бес адамнан тұратын құтқарушылар тобы мен бір техника жіберілді.
"Сағат 18:30-да олар зардап шеккен адамға келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны төмен қарай түсіре бастады. Зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу үшін "Аюсай" визит-орталығынан жоғары орналасқан шлагбаум жанынан жедел медициналық көмек бригадасы шақыртылды", – делінген хабарламада.
USD:
460.3 / 463.1
EUR:
541.0 / 546.0
RUB:
5.95 / 6.07