Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 22 мамыр сағат 22:25-те Түрксіб ауданында болған.

"Автобус Рысқұлов көшесімен шығыс бағытқа келе жатып, Шемякина көшесінен кері бағытқа бұрылмақ болған. Алайда "Ауди" жеңіл автокөлігімен соқтығысқан", – делінген хабарламада.

Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы зардап шекті. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.