Алматы қаласында 26 қыркүйекте аумақтық қорғаныс бойынша "Қорғау-2024" арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтеді.

"Оқу-жаттығу барысында әртүрлі қаруды қолданудың сыртқы белгілеріне ұқсайтын жабдықтар қолданылады (дыбыстық эффект, оқтың жарқылы, снаряд немесе минаның жарылысы кезіндегі бұлт тәріздес түтін, қоспалар мен аэрозольдердің шашылуы). Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына алаңдамауды және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз", – делінген Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы хабарламасында.