Оңтүстік астанадағы алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелердің саны 2 мыңға жуық. Мұндай деректермен Алматы қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары Жаңабай Ағманов таныстырды.

Маманның айтуынша, қалалық  әділет департаментінде проблемалық алимент бойынша 1776 іс бар болса, олардың санын қысқарту мақсатында департамент жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен, полицейлермен және халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту, сондай-ақ борышкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша нтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

2022 жылғы 7 айда 57 борышкер әке жұмысқа орналасса, жыл басынан бері алимент өндіру бойынша 68 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қылмыстық жауапқа 6 әке ие.

"Борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту аталған ықпал ету шарасы тиімді екенін көрсетті. Нәтижесінде борышкерлер 85 млн теңгеден астам сомаға берешек төледі", – деп атап өтті Жаңабай Ағманов.


Оқи отырыңыз: "Баласына 15 мың теңгесін қимайды". Алимент өндіру үшін не білу керек?