Art of the new Technologies ("Жаңа технологиялар өнері") аталған бұл көрменің айрықша тұсы – суретші, иллюстраторларға Huawei Mobile Kazakhstan компаниясының жаңа өнімі – Matepad11 планшеті ұсынылып, өнер иелері туындыларына жаңа технологияны қолдануы қажет болған. Компанияның жаңа өнімін таныстыруда мұндай ерекше форматты таңдауы да бұл көрменің ұйымдастырылуына негіз болған. Компанияның Қазақстан мен Орталық Азиядағы Huawei Device директоры Фан Джинйонгтың айтуынша, суретшілер ақылды құрылғылардың көмегімен классикалық шығармашылық әдістер мен соңғы технологиялар тоғыстырып, өнер туындыларын жасайды.

"Бүгінде планшеттер суретшілер үшін мольберттерді алмастырды. Ал қылқаламмен емес, стилиус қаламымен жасалған туындылар бүкіл әлемге танымал бола бастады. Көрменің мақсаты – сурет өнерінің майталмандарының қолындағы Matepad11 планшетінің шексіз мүмкіндіктерін көрсету. Танымал суретшілер бір айға жуық уақыт бойы Huawei құрылғыларында жұмыс жасады. Бұл ынтымақтастық қазіргі заманауи өнерді таныстыру үшін өте маңызды", – деді ол.

Көрме аясында көрермендер назарына Мұрат Ділмановтың "Абай" инсталляциясы, Борис Климовтың "Дали" мүсіні және REPAS суретшілерінің стрит-арт кескіндемесі ұсынылды.

Мұрат Ділманов:

– Абай инсталляциясы. Қазақ үшін Абай – даналықтың нышаны. Бірақ, мен кез келген адамның бейнесін қағазға түсіруге қарсымын. Қандай жан болмасын ол ең алдымен адам баласы. Мен өз жұмысымда ұрпақтар арасындағы байланысты бейнелегім келді. Ұлы Абай өзінің замандастарына өзінің білімі мен даналығын қолдана отырып, біздің ата-бабаларымыз секілді жақсы адам болып, дамып, жетілуге ​​кеш емес екенін жеткізе білді. Жоба өте қызықты. Маған тағы бизнестің жергілікті контентке бет бұрған ұнайды.

Борис Климов:

– Мен тәжірибемен келген дағдыларға жаңа көзқараспен қарауға тырыстым. Егер шебер қолмен жұмыс жасауды білсе, оның жаңа жұмыс әдісін қолдануға мүмкіндігі бар. Ол сонымен қатар цифрлық әлемде өзіңіздің туындыларыңызды "сатуға" жаңа мүмкіндіктер береді. "Дали" бейнесі осы қағидаларды іске асырды. Суретші өзінің жарқын брендімен көрермендерді таң қалдырды. Қазіргі әлемде оның әлеуметтік желілерде теңдесі болмас еді. Дали өте керемет сурет салды, бірақ кейін ол өзінің ерекше стилін тапты. Ол бірегейлікті қосып, оны әлем суретшілерінің авангардына итермеледі.

REPAS командасы:

– Құрылғыны кәсіби қызметте пайдалану – жобада иллюстрациямен жұмыс жасауды және эскиздерді визуализациялауды білдіреді. Huawei MatePad 11 көмегімен бұл тез, тиімді және кәсіби түрде жасауға керемет мүмкіндік. Жақсы камераның арқасында объектінің жоғары сапалы фотосуреттері қол жетімді және бағдарламалар тек эскиздерді ғана емес, сонымен қатар толыққанды суреттерді де жасауға және оларды объектіге нақты орналастыруға мүмкіндік береді. Себебі біз тек қабырғаға сурет салмаймыз. Біз планшетті әдеттегі жұмыс кезеңіне біріктіріп, туындыны тезірек іске асыруға күш саламыз.