Жамбыл ауданына қарасты Үмбетәлі ауылынан қалаға жету үшін жол бойынан көлік тоқтатқан азаматша діттеген жеріне жеткеннен кейін заттарын алып көліктен түсіп қалған. Осы уақытта бүлдіршін темір тұлпар ішінде ұйықтап жатқан, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Түнгі сағат 21:00 шамасында болған оқиғадан кейін әйел бірден тәртіп сақшыларына хабарласқан. 4 жасар балақайды көлік жүргізушісі полицияға әкеліп, анасына табыстады.

"Абырой болғанда, бала дін-аман. Өз анасына тапсырылды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Оқи отырыңыз: Жеке кәсіпкерлері жоқ такси жүргізушілері мобильді қосымшалар арқылы ресми түрде жұмыс істей алады: заңға өзгертулер қашан енгізіледі?