Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Алматыда келесі мекенжайлар бойынша сегіз мұз айдыны жұмыс істейді:

  • Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында;
  • 28 Панфиловшылар саябағы;
  • Тұңғыш Президент саябағы;
  • Орталық стадион;
  • М. Әуезов атындағы театр;
  • Н. Сац атындағы театр;
  • "Гүлдер" саябағы;
  • №6 Оқушылар Үйі.

Қалған 4 мұз айдынын осы жылдың қаңтар айында келесі мекенжайлар бойынша іске қосу жоспарлануда:

  • Шухов көшесіндегі саябақ;
  • "Авиатор" стадионы;
  • Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағында;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры.

Жылы ауа-райына байланысты мұз айдындарының ашылуы мұз дайын болған кезде іске қосылады.

Мұз айдындарына кіру – тегін. Мұз айдындарында конькиді жалға беру пункттері жұмыс істейді. Екі сағаттық жалға алу құны – 1000 теңге. Конькимен сырғанау – толығымен тегін.

Жалға беру пункттерінің жұмыс күндері таңғы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұз айдындарының өзі тәулік бойы жұмыс істейді.


Оқи отырыңыз: Астананың орталық саябағында ұзындығы 290 метрлік мұз айдыны ашылады


Еске саламыз, қалада келесі мекенжайлар бойынша 9 жеке ақылы ашық мұз айдыны жұмыс істейді:

  • "Алматы Арена" мұз сарайы аумағында;
  • "MEGA Park" СОО аумағында;
  • Жандосов көшесі-Ыкылас көшесінің қиылысында;
  • "Есентай мол" СОО аумағында;
  • Villa dei Fiori аумағында;
  • "Халық Арена" мұз сарайы;
  • "Арман" кинотеатры;
  • "Alem park" отбасылық демалыс саябағының алдында;
  • Aport Mall СОО аумағында.