Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Алматыда келесі мекенжайлар бойынша сегіз мұз айдыны жұмыс істейді:
- Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында;
- 28 Панфиловшылар саябағы;
- Тұңғыш Президент саябағы;
- Орталық стадион;
- М. Әуезов атындағы театр;
- Н. Сац атындағы театр;
- "Гүлдер" саябағы;
- №6 Оқушылар Үйі.
Қалған 4 мұз айдынын осы жылдың қаңтар айында келесі мекенжайлар бойынша іске қосу жоспарлануда:
- Шухов көшесіндегі саябақ;
- "Авиатор" стадионы;
- Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағында;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры.
Жылы ауа-райына байланысты мұз айдындарының ашылуы мұз дайын болған кезде іске қосылады.
Мұз айдындарына кіру – тегін. Мұз айдындарында конькиді жалға беру пункттері жұмыс істейді. Екі сағаттық жалға алу құны – 1000 теңге. Конькимен сырғанау – толығымен тегін.
Жалға беру пункттерінің жұмыс күндері таңғы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұз айдындарының өзі тәулік бойы жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз: Астананың орталық саябағында ұзындығы 290 метрлік мұз айдыны ашылады
Еске саламыз, қалада келесі мекенжайлар бойынша 9 жеке ақылы ашық мұз айдыны жұмыс істейді:
- "Алматы Арена" мұз сарайы аумағында;
- "MEGA Park" СОО аумағында;
- Жандосов көшесі-Ыкылас көшесінің қиылысында;
- "Есентай мол" СОО аумағында;
- Villa dei Fiori аумағында;
- "Халық Арена" мұз сарайы;
- "Арман" кинотеатры;
- "Alem park" отбасылық демалыс саябағының алдында;
- Aport Mall СОО аумағында.