Алматыда 10 көшенің қиылысында "вафельді" жол белгілері пайда болды
Алматыда жол қозғалысын реттейтін жаңа жүйе енгізілді.
Алматыда көлік қозғалысын қауіпсіз ету және жолдағы кептелістерді азайту мақсатында жаңа жүйе іске қосылды, деп хабарлайды AlmatyJoly арнасы.
Қаладағы 10 көшенің қиылысында арнайы "вафельді" жол белгісі пайда болды. Бұл жол торы — жүргізушілердің бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрғанда немесе кептеліс кезінде қиылысты бөгеп қалмауына арналған халықаралық тәжірибеде қолданылатын белгі.
Мұндай белгілер келесі нүктелерде салынды:
- Абай даңғылы – Назарбаев даңғылы;
- Абай даңғылы – Масанчи көшесі;
- Абай даңғылы – Брусиловский көшесі;
- Абай даңғылы – Момышұлы көшесі;
- Абай даңғылы – Тұрғыт Озал көшесі;
- Абылай хан даңғылы – Богенбай батыр көшесі;
- Сәтбаев көшесі – Наурызбай батыр көшесі;
- Сәтбаев көшесі – Жароков көшесі;
- Жандосов көшесі – Жароков көшесі;
- Розыбакиев көшесі – Төле би көшесі.