Төтенше жағдайлар министрлігі таулы жерлерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертті.

Құтқарушылар туристерді мына ережелерді сақтауға шақырады:

  • маршрутты зерттеңіз: ұзақтығы, биіктік айырмашылықтары, күрделі жерлері, демалатын орындар;
  • 112 қызметіне, туыстарыңызға немесе достарыңызға қайда, қашан баратыныңызды және қай уақытта оралатыныңызды ескертіңіз;
  • ауа райы болжамын тексеріңіз – тауда ол күрт өзгеруі мүмкін: боран, қар жауу қаупі бар;
  • жергілікті жермен танысыңыз: карта, компас, GPS немесе навигатор алыңыз;
  • дене дайындығыңызды пысықтаңыз – әсіресе маршрут күрделі болса, биікке көтерілу қажет болса;
  • егер қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланса, тауға шығудан бас тарту ұсынылады. Жаңадан жауған қалың қар байқалса, сапарды 2–3 күнге шегеріп, қардың отыруын күткен дұрыс.

Еске салайық, таяуда Алматы тауларында жоғалып кеткен үш адамның мәйіті табылды.