Алматы қаласы ТЖД басқармасының бастығы 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Ол 13 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін сотталды.Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы пара алғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.
Осы жылдың 8 желтоқсанында Қостанай қаласының №2 сотымен Алматы қаласы ТЖД басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Алмат Жаныспаевқа қатысты үкім жарияланды.
"Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды. Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы жемқорлық дерегін хабарлаған адам 13,8 млн теңге сыйақы алады
Үкім заңды күшіне енген жоқ.