Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты 12-13 қаңтарда 0,1-11(12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан оқиды. Бұл туралы Алматы қаласының білім басқармасы хабарлады. 

"Алматы қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 12-13 қаңтарда 0,1-11(12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан оқыту талаптары мен ережелеріне сәйкес қашықтан оқытуға көшетінін хабарлайды", – деп жазылған хабарламада.

Астанада 9 қаңтардан бері ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.