Алматы облысының №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаевқа көшпейді
Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаевқа көшпейді. Бұл туралы Instagram-да Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева хабарлады.
Балалар омбудсмені Алматы облысының әкімімен және баспана тәрбиеленушілерімен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша балалар өздерінің ескі ғимаратында қалады деп шешті.
Жаңа ғимарат Нүсіпбаев атындағы интернаттың қамқоршыларына беріледі. Корпустардың бірі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына да беріледі. Онда облыстың барлық ауданынан келген балалар қабылданады.
"Балалар Алматыда қалуға ниет білдірді, өйткені жағдайдың өзгеруі олардың бейімделуіне теріс әсер етуі мүмкін", – деді аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев.
Бұған дейін желіде Алматы облысындағы №1 балалар үйі Қонаевқа ауыстырылатыны туралы ақпарат пайда болды. Бұған тәрбиеленушілер де, қызметкерлер де келіспеді.