Алматы облысында тағы 2 елді мекеннің атауы қазақшаланады
Бұған дейін өңірде 10 елді мекеннің аты өзгеретінін жазғанбыз.Ашық НҚА порталында Алматы облысы әкімдігі мен Алматы облысы мәслихатының бірлескен шешімінің жобасы жарияланды.
Оған сәйкес, Іле ауданындағы КазЦИК ауылдық округінің КазЦИК ауылы Асқар Тоқпанов ауылы болып, ал Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылдық округі Жалағаш ауылдық округі болып өзгереді.
Бұған дейін облыста келесі 10 елді мекеннің атауы қазақшаланатынын жазған едік. Олар:
Іле ауданы:
- Энергетический ауылдық округін – Өтеген батыр ауылдық округіне;
- КазЦИК ауылдық округі – Асқар Тоқпанов ауылдық округіне.
- Энергетический ауылдық округі Покровка ауылын – Кенен Әзірбаев ауылына;
- Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылын – Байкент ауылдық округі және Байкент ауылына;
- Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылын – Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылына;
- КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылын – Жайнақ ауылына.
Талғар ауданы:
- Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы Жібек жолы ауылына.
Кеген ауданы:
- Жалаңаш ауылдық округі Жалаңаш ауылын Жалағаш ауылына.
Оқи отырыңыз: КазЦИК, Чапаев, Покровка. Алматы облысында бірқатар ауыл атауы өзгереді
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 1 тамызға дейін.