Алматы облысында 177 интернет-сайт иелері алаяқтықпен айналысқан
Операция барысында ақша қаражатының заңсыз айналымымен айналысқан 62 тұлға ұсталды.Алматы облысының киберполицейлері 170-тен астам интернет-сайтты бұғаттады, деп хабарлайды ІІМ.
Министрліктің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында түрлі сипаттағы 46 қылмыстық іске қатысы бар 74 күдікті анықталған.
Оқи отырыңыз: Алматы облысындағы екі ауылда кәсіпкерлер алкоголь сатудан бас тартып, қылмыс мүлдем азайған
"Операция барысында ақша қаражатының заңсыз айналымымен айналысқан 62 тұлға ұсталды. Киберкеңістіктің тұрақты мониторингі нәтижесінде алаяқтық әрекетті жүзеге асырған 177 жалған интернет-сайтты бұғаттауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар киберқылмысқа күдікті 56 адамның шоттары жабылып, зардап шеккендерге 36 миллион 462 мың теңге сомадағы ақшалай қаражат қайтарылды", – деді Алматы облысы ПД КПБ бастығының орынбасары Нұржан Кеңесханұлы.