Алматы облысында 177 интернет-сайт иелері алаяқтықпен айналысқан

Операция барысында ақша қаражатының заңсыз айналымымен айналысқан 62 тұлға ұсталды.

Алматы облысының киберполицейлері 170-тен астам интернет-сайтты бұғаттады, деп хабарлайды ІІМ.

Министрліктің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында түрлі сипаттағы 46 қылмыстық іске қатысы бар 74 күдікті анықталған. 

"Операция барысында ақша қаражатының заңсыз айналымымен айналысқан 62 тұлға ұсталды. Киберкеңістіктің тұрақты мониторингі нәтижесінде алаяқтық әрекетті жүзеге асырған 177 жалған интернет-сайтты бұғаттауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар киберқылмысқа күдікті 56 адамның шоттары жабылып, зардап шеккендерге 36 миллион 462 мың теңге сомадағы ақшалай қаражат қайтарылды", –  деді Алматы облысы ПД КПБ бастығының орынбасары Нұржан Кеңесханұлы.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз