Алматы маңында пойыз екі адамды басып кетті, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

2025 жылғы 23 маусымда сағат 19:10-да Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар – Алматы-1 учаскесінде пойыз машинисі екі адамның темір жолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. 

"Олар локомотив сигналдарына назар аудармады. Қашықтықтың қысқалығына байланысты басудың алдын алу мүмкін болмады. Оқиға туралы Алматы-1 станциясының ЖПБ-ға хабарланды. Оқиға орнында құзыретті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

ҚТЖ темір жолдарында болу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ.