Алматының Наурызбай ауданында киімсіз жатқан әйелдің денесі табылды. 

Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Таусамалы ауылы, "Монтажник" СО-да 15 маусымда бірнеше полиция көлігі келді. Бұл жерде жас әйелдің денесі табылды. Ол киімсіз жалаңаш болды", – делінген жазбада. 

Алматы қалалық полиция департаменті, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", – деп хабарлады полициядан.