Тікелей эфир

Павлодарлық жатақханада студент қыздың мәйіті табылды

Ол өз-өзіне қол жұмсады.

Бойжеткеннің мүрдесі Павлодар жоғары оқу орындарының бірінің жатақханасынан табылды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

Облыстық полиция департаментінде қайғылы оқиғаны растады. 

"ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді департаментте.  

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.


Оқи отырыңыз: Алматы облысында мектеп оқушысы сабақ кезінде есінен танып қайтыс болды


Еске салсақ, Алматы облысында оқушы қыз сабақ үстінде ауырып, көп ұзамай жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Бұл туралы облыстық білім басқармасынан хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары