Алматы хайуанаттар бағы балаларға арналған жазғы зоопарк мектебіне өтініш қабылдауды бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыда оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін жазғы мектеп ашылды. Жас натуралистер клубына 9 бен 16 жас аралығындағы балалар үшін өтінімдер ашылды.

Қабылдау үшін бала "Неліктен мен хайуанаттар бағында оқығым келеді?" тақырыбында эссе жазып, оны 22 мамырды қоса алғанда, almatyzoo.lector@mail.ru зообақтың электрондық поштасына жіберуі керек.


Оқи отырыңыз: Алматы хайуанаттар бағында лама төлдеді


Ілеспе хатта баланың тегі, аты және жасы, сондай-ақ ата-анасының толық аты-жөні және байланыс телефоны көрсетілуі керек. Кіріспе әңгімелесуден өткеннен кейін бала маусым айында басталатын және аптасына екі рет екі сағаттан өтетін сабақтарға қабылданады: дүйсенбі,жұма немесе сейсенбі, бейсенбі.