Көлік полицейлері пошта жүктерін жүйелі түрде ұрлаған Алматы әуежайының үш қызметкерін ұстады. Бұл туралы Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Күдіктілер 24 мамырда ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, олар кейіннен Қазақстан аймақтарына сатуға арналған ұялы телефондарды бірнеше рет ұрлаған.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.


Оқи отырыңыз: "Банк картасының деректерін сұрайды". Телефон алаяқтарынан қалай қорғануға болады?