Алматы әкімдігі: Су мен электр жарығын беру тоқтатылмайды
Суық сумен қамту нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде.Бұған дейін әлеуметтік желіде су мен электр жарығын беру тоқтатылуы мүмкін екені туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Барлық суық сумен қамту нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Суық сумен және электр жарығымен үздіксіз қамтамасыз етіліп жатыр. Оларды тоқтату жоспарда жоқ. Қалалық су арнасына шабуыл болмады" делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұған дейін әлеуметтік желіде су мен электр жарығын беру тоқтатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдай жарияланды
- Президент ҰҚШҰ мемлекеттерінен Қазақстанға көмек көрсетуді сұрады