Бәйменов компьютерлік ойындарға және комикстерге ұлттық бәйге жариялауды ұсынды.
"Мемлекеттік тілге мәтін, аудио, видео аударғандарға субсидия беретін ұлттық қор құруды ұсынамын. Құрылтайдан басқа да жүйелер қажет. Сол себепті бұл мақсатта "Хабар" және Qazaqstan телеарналарын қоғамдық телекорпорацияларға айналдыру керек деп ойлаймын", – деді Бәйменов. 

Ұлттық құрылтай мүшесі сонымен бірге ұлтараздықты, соғысты дәріптейтін телеарналардың жұмысына Қазақстан шекарасында тыйым салу мәселесін көтерді.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақстанның атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді 


Мұнымен қатар, қоғам қайраткері тарих, Алаш қозғалысына әділ саяси баға берудің маңыздылығына тоқталды. 

"Референдум арқылы жер мен жер қойнауының иесі халық екені бекітілді. Енді жер қойнауын пайдалануды заң жүзінде ресмилендіру керек. Экономикада мемлекет үлесінің азаюы білім мен ізденіске алып келеді. Әзірге бұл қисық үшбұрыш болып тұр. Адал еңбек, абыройды көтеру үшін еңбек күнінің тұжырымдамасын жасау керек деп есептеймін", – деді Әлихан Бәйменов. 

Бұдан өзге, ол жемқорлыққа қарсы блокчейн және интернет платформаларын енгізуді ұсынды. 

"Саясаттағы пікір алуандығы – демократияның шарты", – деді ол. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев "Қазақмысты" Ұлытау облысын дамытуға белсенді атсалысуға шақырды