USD: 479.9 / 482.5
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 5.89 / 6.01
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Тоқаев: Қазақстанның атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді

Құрылтай туралы мемлекет басшысы 16 наурыздағы жолдауында айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кей азаматтың ел атауын өзгерту туралы ұсыныс білдіргенін айтты.

"Кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауы да өзгеруге тиіс еді деген пікір айтып жүр. Олар "Қазақстан" атауындағы "-стан" сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі, әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар", – деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойып, мемлекеттік шекарасын бекітті.

"Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл – ең алдымен, ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев "Қазақмысты" Ұлытау облысын дамытуға белсенді атсалысуға шақырды


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау