31 тамыз бен 2 қыркүйек арасында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде қатты жел соғып, бұршақ аралас жаңбыр жауады. 

"Елдің солтүстік-батысы, солтүстігі, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы тағы да төмендейді. Солтүстік Қазақстанда түнде 5-10, күндіз 10-18 градус суық болады. Тек Батыс Қазақстанда жоғары атмосфералық қысым әсерінен жаңбыр жаумайды", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Тұран жолбарысын қайта жерсіндіруге дайындық: Балқаш жағасына 51 құлан жіберіледі


Мұнымен қатар елдің батысында күндіз ауа температурасы 25-30 градусқа дейін жылы болады.