Тікелей эфир

Тұран жолбарысын қайта жерсіндіруге дайындық: Балқаш жағасына 51 құлан жіберіледі

2022 жылы қорыққа 13 құлан жіберілген болатын.

2024-2026 жылдары Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру мақсатында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығының аумағына 51 құлан жіберіледі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің алдағы екі жылға арналған бюджет жобасында жазылған. 

Министрліктің бюджет бағдарламасында Балқаш маңынан жойылып кеткен Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру шаралары қамтылған. 

"Тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін жағдайлар жасау және Ұлытау таулы алқабының табиғи және тарихи-мәдени объектілерін сақтауға жәрдем көрсету" бағдарламасы нәтижесі құланды "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи қорығының аумағында қайта жерсіндіру. Осылайша 2024 жылы – 17, 2025 жылы – 17, 2026 жылы – 17 құлан жіберіледі", – делінген құжатта. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанға Амур жолбарыстарын әкелуге дайындық қалай жүріп жатыр? Фоторепортаж


Жобаға грант есебінен әртүрлі жылдары келесі сома қарастырылған: 

  • 2024 жылы – 159 млн 800 мың теңге;
  • 2025 жылы – 80 млн 110 мың теңге;
  • 2026 жылы – 80 млн теңге қарастырылған.

Сондай-ақ республикалық бюджеттен:

  • 2024 жылы – 383 млн 10 мың теңге;
  • 2025 жылы – 329 млн 566 мың теңге;
  • 2026 жылы – 129 млн 581 мың теңге жұмсалмақ.
Серіктестер жаңалықтары