Алдағы күндері Қазақстанда күн күрт суытады
Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында жауын-шашын жалғасады."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді. Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында ғана жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
Түнде ауа температурасы:
- батыста – минус 10-20°С дейін;
- солтүстік-батыста және солтүстікте – минус 28-38°С дейін;
- қиыр солтүстікте – минус 42°С дейін;
- республиканың орталығында және шығысында – минус 28-33°С дейін;
- Қазақстанның оңтүстік облыстарында – минус 5-13°С дейін төмендейді.
Республиканың барлық аумағында тұман түсіп, елдің оңтүстік жартысында жел күшейеді.
Оқи отырыңыз: Бурабайдағы қысқы демалыс: Туристерді қандай қызықтар күтеді?