Алдағы күндері Қазақстанда қар жауып, боран соғады
Тек оңтүстік-шығыста ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжануда."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 4-6 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Жауын-шашын, негізінен қар, бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел түрінде болады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде", – деп жазылған хабарламада.
Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 0...-13 градустан -5...-25°С-қа дейін ауытқиды.
Оқи отырыңыз: Аяз не боранды күні жолда қалып қойсаң, не істеу керек? Жолаушыға арналған кеңестер