Алаяқтарға грант үшін ақша төлеген Ақтау тұрғындары университет алдына жиналды
Алаяқтар 120-ға жуық адамды алдап кеткен.Ақтауда алаяқтарға алданған азаматтар Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінде жиналды. 100-ден астам адам өзін университет қызметкері ретінде көрсеткен алаяқтарға балаларына грант алу үшін ақша төлеген, деп хабарлайды Lada.kz.
Университет ғимаратына жиналған ата-аналар университет басшылығынан балаларын оқуға жіберуді талап етті.
Алаяқтармен барлығы 120-ға жуық адам хабарласқан. Олардың айтуынша, олар бюджеттік орын алу үшін «университет қызметкерлеріне» ақша төлеген. Қыркүйек айында сабаққа келген балалар өздерінің есімдері оқушылар тізімінде жоқ екенін білді.
Университеттің баспасөз қызметі балалардың ата-анасы түсініктеме алу үшін университетке хабарласқанын растады. Университет қызметтік тексеру жүргізді.
Полицейлер күдіктілерді ұстады. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз: Пәтер жалдағанда алаяққа алданып қалмас үшін не білу керек?