Семей қаласында идеологиялық тұрғыда ескірген 50-ге жуық көше атауы өзгертіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада ономастикалық нысандардың тарихи дәстүрлі атауларын қалпына келтіру туралы ұсыныстарды зерделеу және қарау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

"Қазір идеологиялық тұрғыда ескірген және мән-мағынасы жоқ көше атауларын кезең-кезеңімен қайта атау міндеті қойылып отыр. Отырыстың күн тәртібінде осындай 50-ге жуық көшенің атауын өзгерту туралы ұсыныстар қаралды. Жұмыс барысында қайта аталатын көшелерге есімі ел тарихында қалған, Семей өңірінің тарих, мәдениет, әдебиет, спорт сынды салаларына еңбегі сіңген тұлғалардың, Алаш қайраткерлерінің есімдері беріледі", – деп хабарлады қала әкімдігінен.


Оқи отырыңыз: "Алаш арыстары, Күйші Дәулеткерей және Ғарышкерлер". Көкшетауда бірқатар көшенің атауы қазақшаланады 


Сондай-ақ жиын барысында мән-мағынасы жоқ қысқа көшелерге бейтарап жер-су аттарын беру мәселесі талқыланды.