Тікелей эфир

"Алаш арыстары, Күйші Дәулеткерей және Ғарышкерлер". Көкшетауда бірқатар көшенің атауы қазақшаланады

Республикалық ономастика комиссиясы осындай шешім шығарды.

Ақмола облысы Көкшетау қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы қаулының мәтіні қоғам талқысына шығарылды. Қаулыға сәйкес қаланың бірнеше көшесінің атауы өзгереді. 

"Қазақстан Республикасы үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының 2023 жылғы маусым айындағы қорытындысы негізінде және Көкшетау қаласы халқының пікірін ескере отырып Ақмола облысының әкімдігі қаулы етеді және Ақмола облыстық мәслихаты шешті", – делінген қаулыда. 

Қаулыға сәйкес Көкшетау қаласының келесі көшелері қайта аталатын болады:

  • "Парк борцам за революцию" саябағын "Алаш арыстары" саябағына;
  • Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы жағалау атауын Кәкімбек Салықов атындағы жағалауға;
  • 2 горная көшесін Таңсамал көшесі;
  • Дмитриев көшесін Күйші Дәулеткерей көшесіне;
  • Кирветка көшесін Керуен көшесіне;
  • Космонавтар көшесін Ғарышкерлер көшесіне;
  • Никитин көшесін Ботай көшесіне;
  • Шучинская көшесін Байқоныс көшесіне;
  • Көкшетау қаласындағы "Алма-Атинская" көшесінің транскрипциясы "Алматы" көшесіне өзгертілсін;

Оқи отырыңыз: Қазақстанның 7 таулы аймағына онлайн-режимде мониторинг жасайтын қондырғылар орнатылады


"Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", – делінген Ақмола облысының әкімінің қаулысында. 

Қаулы Ашық НҚА порталында 4 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылып отыр. 

Серіктестер жаңалықтары