Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызу туралы жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылады және Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылады. 

Жарлық бүгіннен, яғни 27 шілдеден бастап қолданысқа енеді. 


Оқи отырыңыз: Елорда іргесіндегі Қосшы ауылын қандай болашақ күтіп тұр