Адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Үш негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды.Алматы облысының полиция департаменті прокуратураның үйлестіруімен адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес нәтижесінде 22 адам: ұйымдастырушылар, медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорлар ұсталды.
Олар реципиенттер мен донорларды іздеу, жалған құжаттарды ресімдеу және ішкі органдарды трансплантациялау бойынша операцияларды ұйымдастыру міндеттерін өзара бөлісіп, әрекет еткен. Келісім сомасы 6-10 миллион теңгені құраған. Осындай сегіз факт анықталды. Үш негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды.
Оқи отырыңыз: Шымкент тұрғыны бауырына бүйрегін берді.
Іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша күдіктілерден ақша, құжаттама, цифрлық тасымалдағыштар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес трансплантациялау кезінде адам ағзалары мен тіндерін алып-сатуға тыйым салынады.
ҚР ҚК-нің 116-бабы бойынша “Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою” сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындалуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Дұғаны онлайн жасауға бола ма? ҚМДБ өкілі жауап берді.