Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов (3-0, 2 КО) АҚШ-тың Талс қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлады Sports.kz сайты.

Абылайхан бокс кешінде никарагуалық Уистон Кампоспен (33-11-6, 19 КО) жұдырықтасты. Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек 8 раундқа есептелген еді. Алайда қазақстандық боксшы кездесудің бесінші раундында қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне жетті. Ал Уинстон Кампос кәсіби рингте 12-рет жеңілді.

Абылайхан Жүсіпов бірнеше жыл бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында болды. Ол – әуесқой бокстан әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері, Олимпиада ойындарының қатысушысы.