USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +21C
Все города

Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та қарсыласын нокаутқа жіберіп, кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне жетті

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек 8 раундқа есептелген еді.

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов (3-0, 2 КО) АҚШ-тың Талс қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлады Sports.kz сайты.

Абылайхан бокс кешінде никарагуалық Уистон Кампоспен (33-11-6, 19 КО) жұдырықтасты. Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек 8 раундқа есептелген еді. Алайда қазақстандық боксшы кездесудің бесінші раундында қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне жетті. Ал Уинстон Кампос кәсіби рингте 12-рет жеңілді.

Абылайхан Жүсіпов бірнеше жыл бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында болды. Ол – әуесқой бокстан әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері, Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау