Абай облысында алтын қазумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Топтың жеті мүшесі – шетел азаматтары.Polisia.kz хабарлауынша, Абай облысында 13 адамнан құралған топ құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндірумен айналысқан. Қазба жұмыстарының орны – Жарма ауданындағы "Еділбай" учаскесі.
Қылмыстық топ алтынды заңсыз өндірумен қатар, оны өңдеумен, сондай-ақ жер қойнауын өз бетінше пайдаланып, заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан.
Тексеру жұмыстары кезінде жалпы саны 13 адамнан құралған топтың 2 заңсыз цех құрғаны белгілі болды. Олардан құрамында 100 тонна алтын бар кен, 2 келіден астам аммонит жарылғыш заты және улы (сынап) заттар тәркіленген.
Бұдан кейін қылмыстық топтың басшысы ұсталған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында алты жұмысшы 20 қап алтынмен ұсталды