Тікелей эфир

Жамбыл облысында алты жұмысшы 20 қап алтынмен ұсталды

Мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталып жатыр. 

Мойынқұм ауданында полицейлер аумақты патрульдеу кезінде Ақбақай ауылының маңында орналасқан Қаракөз шахтасында тау жыныстарын заңсыз өндірумен айналысқан бір топ ер адамды анықтады", деп хабарлайды Polisia.kz

Полиция қызметкерлерімен 1976, 1992, 1994 және 1990 жылдары туылған алты жұмысшы ұсталды. Оның бесеуі Жамбыл облысының, ал біреуі Алматы облысының тұрғыны болып шықты.

"Ұсталған азаматтар 21 сәуірде кен орнына жүк көлігімен келіп, рұқсатсыз құрамында алтыны бар кенді қазып, 20 қапқа салып алған. Префоратор, генератор, темір кескіш және балға түріндегі заттай айғақтар тәркіленді. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 334-бабы 1-бөлігі ("Жер қойнауын өз бетінше пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда сот-химиялық сараптама тағайындалды", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Қаңтар оқиғасы кезінде қымбат смартфон ұрлаған 5 күдікті ұсталды


Мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталып жатыр. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары