Абай облысындағы өртке байланысты Даниал Ахметов жауапқа тартыла ма?
Роман Скляр бұл оқиғаға премьер-министрдің бірінші орынбасары ретінде өзі де жауапты екенін айтты.Журналистер үкімет кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдан Абай облысындағы өртке жауаптылар туралы сұрады.
"Абай облысы құрылғанға дейін ол өңірді Даниал Ахметов басқарды. Оның жауапкершілігі тексеріле ме?" – деп сұрады журналистер.
"Семей орманы" қорығы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің құзырында. Бұл оның құзыретіне кірмейді", – деп жауап берді Роман Скляр.
Оқи отырыңыз: Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасына 7 млн теңге және әр балаға 2 млн теңге беріледі
Сонымен қатар ол бұл оқиғаға премьер-министрдің бірінші орынбасары ретінде өзі де жауапты екенін айтты.
"Әрине, мен өзім жетекшілік ететін барлық салаға жауаптымын", – деді Роман Скляр.