Тікелей эфир

Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасына 7 млн теңге және әр балаға 2 млн теңге беріледі

Бұдан бөлек, қаза тапқандардың отбасына және зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында арнайы қор құрылды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою және одан зардап шеккен отбасыларға қажетті қолдау шараларын көрсету мәселелері жөнінде жедел кеңес өткізіп, 10 күн ішінде оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тиісті қорытынды жасауды тапсырды, деп хабарлады Үкімет.

Мемлекет басшысының Абай облысындағы жедел штаб отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін қаза тапқандардың отбасына "Қазақстан халқына" қорынан 7 млн теңгеден, сондай-ақ кәмелетке толмаған әр балаға 2 млн теңгеден төленетін болады. 

Бұдан бөлек, қаза тапқандардың отбасына және зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында арнайы қор құрылды.


Оқи отырыңыз: Абай облысында эвакуацияланған түлектер мектеп бітіру емтиханын Семейде тапсырады


Сонымен қатар 40-тан астам қазақстандық ЖОО өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне гранттар мен жатақханадан орын беруге дайын. Оған қоса ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттарды грантқа ауыстыру көзделген.

Қорытындылай келе, премьер-министр өрт ошақтарын ерте анықтау, бейнебақылау және мониторинг жүйелерін енгізе отырып, табиғатты қорғау және орман мекемелерін нормативтік материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру қажеттігін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары