Абай облысындағы 93 ауылда интернет жоқ
2027 жылға дейін облыстағы елді мекендердің 94 пайызын сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған.Абай облысы әкімінің аппараты жүргізген талдауға сәйкес облыстағы 215 елді мекенде интернет қолжетімді. Ал 93 ауылда желі жоқ. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Министрдің жазуынша, Абай облысы елді мекендерінде кең жолақты интернетке қосудың жол картасы қабылданған. Оның шеңберінде 2027 жылға дейін облыстағы елді мекендерінің 94 пайызын сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған.
"Интернетпен қамтамасыз ету әсіресе шалғай ауылдардың тұрғындары үшін маңызды мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда облыста 331 елді мекен, оның ішінде 4 қала орналасқан. Абай облысы әкімінің аппараты жүргізген талдауға сәйкес 65 пайыз немесе 215 елді мекен интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етілген, 28 пайыз немесе 93 ауылда желі жоқ", – деп жазды министр.