7,5 млн қазақстандықтың кредит бойынша қарызы өтелмеген
Халықтың несиесі 7.7 трлн. теңгеге өскен.7,5 млн қазақстандықтың кредит бойынша қарызы өтелмеген. Бұл туралы депутат Абзал Құспан үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында айтты.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпараты бойынша, 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, халықтың несиесі 7.7 трлн. теңгеге өскен. Яғни 822 мың адам қарызданушы бар.
"Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-ның биыл сәуір айында жүргізген статистикасы бойынша, 7,5 миллион қазақстандықтың қарызы өтелмеген. Бұл елдегі экономикалық белсенді халықтың 77 пайызын құрап отыр" – делінген хабарламада.
2021 жылы кредитін төлемеген адамдар саны 421 мың адамға, былтыр 534 мың адамға жетті. Ал 1,5 миллион тұрғын несие бойынша төлемді 90 және одан көп күнге кешіктіріп төлеген.