7,5 млн қазақстандықтың кредит бойынша қарызы өтелмеген. Бұл туралы депутат Абзал Құспан үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында айтты.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпараты бойынша, 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, халықтың несиесі 7.7 трлн. теңгеге өскен. Яғни 822 мың адам қарызданушы бар.
"Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-ның биыл сәуір айында жүргізген статистикасы бойынша, 7,5 миллион қазақстандықтың қарызы өтелмеген. Бұл елдегі экономикалық белсенді халықтың 77 пайызын құрап отыр" – делінген хабарламада.
2021 жылы кредитін төлемеген адамдар саны 421 мың адамға, былтыр 534 мың адамға жетті. Ал 1,5 миллион тұрғын несие бойынша төлемді 90 және одан көп күнге кешіктіріп төлеген.