50 градус: Меккеге қажылыққа барған 550 адам аптап ыстықтан қаза болды
Биылғы қажылық 14 маусымда басталып, 19 маусым күні кешке аяқталады.Сауд Арабиясында мұсылмандардың жыл сайынғы Меккеге қажылық сапары кезінде аптап ыстықтан жүздеген адам қайтыс болды, деп хабарлады DW ақпарат агенттігі.
AFP агенттігінің мәліметінше, қажылық кезінде кем дегенде 550 адам қайтыс болған. Оның ішінде 323-і Мысырдан келген.
Tunis Afrique Presse ақпарат агенттігінің хабарлауынша, құрбандар арасында Тунистің 35 азаматы бар.
Иранның ИРНА ақпарат агенттігі 11 ирандықтың қаза болғанын, тағы 24-і ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Бұл адамдардың көпшілігі қатты аптап ыстықтан қайтыс болды.
Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі өте жоғары температура кезінде қажылыққа барушылар арасында ерекше өлім жағдайлары анықталмағанын мәлімдеді.
17 маусымда Меккедегі Масджид әл-Харам үлкен мешітінде ауа температурасы көлеңкеде 51,8 градусқа жетті. 2 700-ден астам адамға қатты қызып кетуіне байланысты медициналық көмек көрсетілді.
Сауд Арабиясы статистика департаментінің мәліметінше, қажылыққа 1,8 миллион адам қатысып жатыр.